Мен таңдаған мамандық

Мен таңдаған мамандық

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік мақсаты: Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту, мамандық бойынша еңбек етуде оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.

ә) дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау, жүйелі жоспар құру, іскерлік қабілеті дамыту, оқушыларға кәсіптік таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету, шыңдау.

б) тәрбиелік мақсаты: Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.

III. Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы

IV. Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, т.б.

V. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар, т.б.

VI. Пәнаралық байланыс: экономика негізі, тарих, информатика, т.б.

VII. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Жаңа сабақ

Кіріспе сөз:

Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Елбасының жастарға қояр талабы – білікті, кәсіби маман болу. Таңдайтын мамандығың өзіңе, қоғамға қажетті, әрі қолыңнан келетін, көңіліңнен шығатын жұмыс болуы керек. Жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындыққа кездеседі. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай мамандық таңдауы тиіс. Мамандық таңдау мәселесі, әсіресе біздің қоғамымыздың нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Сондықтан бүгін осы тақырып жөнінде кеңірек тоқталамыз.

Негізгі бөлім.

«Білеміз бе?» топтық жұмыс.

Мына мамандықтардың қайсысынан хабарымыз бар?

І топқа: Қазіргі уақытта жойылып кеткен мамандықтар

ІІ топқа: ХХ ғасырда пайда болған мамандықтар

ІІІ топқа: Соңғы 10 жылдықта пайда болған мамандықтарды

Білетін, естіген, көрген мамандықтарымызды теріп жазамыз және дәлелдейміз!

Оқушылар келіп отырған қонақтарға сауалдарын жолдайды.

Сұрақтар:

1. Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

2. Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

3. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

4. Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?

«Ең жақсы мамандық» ойыны. Оқушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады: Ең ақшасы көпмамандық?

Ең тәтті мамандық? Ең жауапты мамандық?

Ең салмақты мамандық

Ең қарым-қатынасы күшті мамандық?

Жағдаяттық сұрақтар. 1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің? 2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?

Постермен топтық жұмыс. Дәйек сөздерді талдау, мазмұнын ашу.

«Білім – бақыттың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ әлдекімнің азығы...»

М. Әуезов

«Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі»

Э. Ф. Зеер

«Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады» Н.Ә. Назарбаев

Болашақтың табысты мамандары:

1.Нано дәрігерлер

2.Органның және дененің сыртқы бөлшектерін өндірушілер

3.ГМО фермерлер

4.Вертикальды фермерлер

5.Виртуалды ұстаз

6.Климат менеджері

7.Космос кемелерін жүргізушілер

8.Космос экскурсоводтары

9.Метеорг-полицейлер

10.Электрондық қоқыс мамандары

4. Ең қауіпті мамандықтар

Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

· Компьютерді білу

· Бірнеше тілді, ағылшын тілін білу

· Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау

· Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік

· Жоғары ой – өріс, терең білімділік, кәсіби сауаттылық керек.

· Қазіргі заманның табысты мамандары:

· 1) Аниматор – суретке жан бітіруші. Мультипликатор – мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3D-аниматор – үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.

· 2) Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.

· 3) Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірімдеріне арнайы сурет, графика. Сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған. Ал шетелдік тетрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.

· 4) интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.

· 5) Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп атауға болады. Бұл бірлікке қоюшы-суретші кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет-бейнені жасап, режисермен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Үйге тапсырма беру. Берілген тұжырымдарды дәлелдеп келу 1 - топ: Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет. 2 - топ: Мамандық таңдау - күн көріс қамы. 3 - топ: Ақша болса, мамандық қажет емес.

Қорытынды.

«Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір сәттілігінің негізі» дегендей еліміздің өркендеп, гүлденуіне үлес қосатын мықты маман иесі болыңыздар.

 

 Сохибова Гулноза Олимбаевна

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

«С.Сейфуллин атындағы ЖОМ» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста