Рухани-адамгершілік тәрбиесінің маңыздылығы

Рухани-адамгершілік тәрбиесінің маңыздылығы

Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақтың тәрбиесіне зор мән берген. Қазіргі қарыштап дамыған елде, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да өскелең ұрпаққа байланысты. Осы тұста мектептің алдына қоятын басты мәселелерінің бірі – өркениетті, азаматтық – адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық құндылығын жоғалтпаған, бәсекеге түсе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Тәрбие – қоғамдық үздіксіз үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның қарым – қатынасындағы басты жүйе. Оның негізі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жеке қасиеттерін қалыптастыру. Оқушы бойында саналы тәрбие мен байыпты мінез қалыптастыру, рухани дүниесі бай интеллекті тұлға тәрбиелеу ұстаздың мақсатқа бағытталған іс – әрекетіне байланысты. Халқымыздың ғасырлар бойы ұлан- байтақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда ерлігімен көріне білген батырлары мен қолбасшыларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын ойлаған шешен — даналарын мақтан еткен. Отанымызды қорғау, шежіреге толы тарихын білу, тілі мен дәстүрін сақтау, зерттеу – азаматтық борышымыз. Сондықтан бар халық мақсаты өзінің өскелең ұрпағына тәрбие беруде күнделікті тұрмыс кәсібін ұлттық арнада ұйымдастырып, рухани- адамгершілік тағылымымен ұштастыра білген.

«Адамгершілік» — адам бойындағы «ізгілік», «сыйластық», «инабаттылық», «кісілік» сөздерімен мәндес. Халықтық педагогикада адамның жағымды мінез – құлықтарын осы ұғымдардан таратады. Мінез – құлық пен қарым- қатынастағы келесі әрекеттерді атап өтуге болады: адамды сыйлау, ар- ұятын сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету т.б.

Рухани – адамгершілік тәрбие – белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани- адамгершілік тәрбие- бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез- құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат

тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. Қазіргі кездегі білімнің мәні материя заңдары үстемдік ететін үлкендердің әлеміне «сәттілікпен» кіруге мүмкіндік беретін білімдердің белгілі бір көлемін игеруге жағдай туғызатын құрал ретінде түсіндіріледі. Рас, материалдық қажеттіліктер өте маңызды, оған ешкімнің таласы жоқ. Күн сайын жеу, ішу, киіну қажет, басында бастаған болу керек. Сол себепті де кейбір ата-аналар бала тәрбиелеу ісіне өзінің қатысын, тек «материалдық» қамқорлық жасау: киіндіру, ішіндіру… деп түсініп жүр. Алайда адам – тек қана тән емес, сонымен қатар үлкен қажеттігі бар жан да. Нақты өз аттарымен атайтын болсақ, жан деп отырғанымыз – рух, ал тән – нәпсі. Қазақта мынадай фразеологиялық сөз тіркестері көп кездеседі: рухани бай адам, адамның рухы, рухы жоқ, рухы жоғары, рухтанып кетті, рухани байлық, ұлттық рух, рухани ұстаз, т.с.с . Осы тіркестерге мұқият зер сала отырып, «рух» деген нәрсенің адам денесіндегі бір қуат екендігіне көз жеткізуге болады. Оның адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттері мен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі екендігін аңғару қиын емес.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады: ақ – қара, күн – түн, ыстық – суық, тәтті – ащы, жақсы -жаман... Сол сияқты, адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды да, барлық жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың күресі жүріп жатады. Жақсыны, я жаманды таңдап жататынымыз да осыдан.

Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы, – деп уақтында Шәкәрім айтқан.

Бұл екі таңдаудың қалау – қажеттіліктері мен азығы бар. Қайсысы қуаттырақ, қайсысы үстем болса, ақыл соның талабын қанағаттандырады, соған қызмет жасайды. Адамдардың жақсы-жаман болып жіктелуінің себебі де осыған байланысты. Асылында, жаман адам болмайды, бойындағы нәпсісі рухынан үстем болғандықтан, барлық ақылы, білімі, қайрат -жігері мен өнері нәпсінің құлына айналғандықтан, жақсы іс-әрекеттер мен көркем амалдардың табылуы қиын. Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүректің жылуы, махаббат, ар – намыс, қайрат – жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды.

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де

ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық – деп атап көрсеткен болатын. Мектебімізде «Білімді жағар шырақты» атты озаттар шыршасында «Қазақ халқының ертегілері-ұлттық тәрбие бастауы» тақырыбында ғы сахналандырылған қойылымдар мен аңыз бейнесіндегі көрсетілімдер оқушыларды жақсы ниетпен армандай білуге және оған қол жеткізуге ықпалы зор болды. «Өзін-өзі тану-өмірді тану» ,-деген болатын көне грек философы Сократ. Басты мақсат –әр адамның өмірден өз орнын табуына ықпал ету. Өмірдің қарапайым ақиқатына-ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы мен қызы болуға нағыз адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық»-, деп атап көрсеткен. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау - адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әртүрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

Есимова Бекзат Киргизбаевна
«Бөбек» Ұлттық Ғылыми Практикалық Білім Беру

және Сауықтыру орталығының

«Өзін- өзі тану» оқу-сауықтыру кешенінің

бастауыш сынып мұғалімі

Рухани-адамгершілік тәрбиесінің маңыздылығы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста