Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану

Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану

Облыстық- аймақтық семинар

Тақырып: «Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану»

Шебер сыныптың мақсаты мен міндеттері:

Педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу.

· Шебер – сыныпқа қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету.

· Қатысушылардың кәсіби шеберліктерімен ой бөлісу.

· Үйренушілердің қызығушылығын тудыру

Күтілетін нәтижелер: қатысушылардың білімдері жинақталады, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады. Әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдана алады.

Мақсатты аудитория: Шебер-сынып қатысушылары

Шебер сыныптың жүргізілуі:

Ұйымдастыру, шаттық шеңбер құру, топқа бөлу, табыс критерийлерін белгілеу, топтарға арналған тапсырмалар жүйесін беру, қосымша мәліметтермен, нұсқаулық материалымен таныстыру, кері байланыс, рефлексия жасау.

Әдістер мен тәсілдер:

ҚҰРАЛДАР: презентация, постерлер, мәтіндер жазылған парақтар, плакаттар, А-4 парақтары, маркер, түрлі түсті қарындаштар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын.

Шаттық шеңбер құру:

Қатысушы мұғалімдер бірінші әріпке байланысты, тілек айтады.

Топқа бөлу: тосын сый арқылы

«Миға шабуыл»

Кез келген тапсырманы орындау барысында не қолданамыз?

...

«Тиімді әдіс-тәсілдер деген не?» сауал төңірегінде ой бөліседі.

Рефлексия: Мұғалімдер қызығушылықпен қатысты, өздерінің жұмыстарға әзір екенін байқатты.

Сұрақ: Құрметті әріптестер! Оқушыларға сабақтың мақсатын неге түсіндіру қажет деп ойлайсыздар ?

Жауап.

1. Бүгінгі сабақта не біледі, не білді, не білу қажет екенін ұғындыру үшін.

2. Жаңа білімге баланы ынталандыру үшін.

3. Оқушыны белгілі бір көлемде алатын білім, білік дағдыларын қалыптастыру үшін.

4. Оқушының өзін-өзі бағалауы үшін.

Әрине, біз де бүгінгі шебер сыныптың мақсаттын құрайық. Алдағы жұмысты, іс әректі нақтылайық.

Мақсат құру...

Бүгінгі шебер сынып тақырыбымен таныстыру

«Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану»

Әрбір сабақта белсенді әдіс-тәсілдерді таңдауда шатаспағанымыз абзал, мен өзімнің сабағымда жиі қолданатын әдіс тәсілдер слайд 1 (таныстыру).

Соның ішінде «Тиімді тиімсіз» әдісі маған қатты ұнайды, себебі мақсатты жүзеге асыру үшін қолданамын.

Шебер-сынып қатысушыларына тапсырма ұсыну: Берілген мақсаттарға талдау жасап, тиімді-тиімсіз жақтарын анықтап, жұмысты саралау.

1 топ «Рухани жаңғыру» Математика пәні

Тақырып: Уақыт. Уақыт өлшем бірліктері 2 сынып

2 топ «Тәуелсіздік мақтанышым» Әдебиеттік оқу пәні 3 сынып

Тақырып: Күн тәртібі

3 топ «Ұлы дала жеті қыры» Қазақ тілі пәні

Кезбе диктанты «Сағат»

Топқа отырмаған шебер сыныпқа қатысушылар топтың жұмысына назар аударады, тақырып көлемінде «Жұппен жұмыс» ұсыну. «Үш таяқша» әдісі

Дескриптор:

Тапсырма орындайды

Сұрақтарға жауап береді

Рефлексия: Мұғалімдер қызығушылықпен тапсырманы орындайды, жұмысын қорғайды, кері байланыс алады, рефлексия жүреді.

«Ой қозғау»

Сабақта белсенді әдіс тәсілдердің көмегімен оқытуды қалай жетілдіруге болады?

Таныстырылым «Менің іс-тәжірибем» қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділіг, нәтижесі. ( слайд көрсету)

Кері байланыс

v Бас бармақ-мен не білдім, не үйрендім?

v Балаң үйрек-қызық болды

v Ортаң терек-ең маңыздысы

v Шылдыр шүмек-қиындықтар

v Кішкене бөбек-менің ұсынысым

Рефлексия парағы

Ø Ақпарат Сіз үшін қаншалықты жаңа болды? __________________________________________________________________

Ø Нақты жұмыс үшін алған білім мен дағдылардың пайдасы

__________________________________________________________________

Ø Шебер сынып қаншалықты қызықты болды?

__________________________________________________________________

Қорытынды ой:

Талпыну, талпынбау өз қолымызда, тек неге мән беру керектігін білсек болғаны!

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы,

Сатыбалдина Гулнар Сатыбалдиновна

«Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші,

мектеп тренері

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста