Сабақтар

Сабақ жоспары: «Шалқан» ертегісі

  • Сабақ жоспары: «Шалқан» ертегісі

    Сабақ жоспары: «Шалқан» ертегісі

«Шалқан» ертегісі

Мақсаты: «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру, ертегіге сахналық қойылым көрсету, ертегіні сахналау арқылы ой-қиялын дамыту. Шалқан ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, көрініске керекті сөздер.

Түрі: көрініс

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ғылымда» атты апталығымызда даярлық тобының ертегілер еліне қош келдіңіздер! Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан» ертегісі. «Шалқан» - орыс халқының ертегісі.

Ертегінің негізінен көптеген түрлері бар:

1. Қиял - ғажайып ертегі.

2. Шыншыл ертегі.

3. Жан-жануарлар ертегісі.

4. Тұрмыс салт ертегісі.

Шалқан ертегісі тұрмыс – салт ертегісіне жатады. Шалқан орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс. Түсі ақ немесе сары болады. Оның құрамында ағзамызға қажетті дәрумендер, емдік қасиеті бар. Сонымен қатар шаш күтіміне де пайдалы. Шалқанның жапырағын қайнатып шашты жуса, шашың түспейді, майланбайды, пайдасы көп. Шалқан ертегісінің сахналық көрініс тамашалаңыздар.

Атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, шалқалай тартады. Олар тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды. Атай, әжейді шақырады. Әжей немере қызын шақырады. Немере қызы әжейдің белінен ұстайды. Атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды. Немересі күшігін шақырады. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды. Қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды. Мысық тышқанды шақырады, Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды. Қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, былай тартқылайды, қатты тартып суырып алады.

Баяғыда бір үйде, шал мен кемпір болыпты.

Тірліктеріне өмірде көңілдері толыпты.

Бір күні шал аулаға, шалқан дәнін егіпті.

Шалқан қашан піскенше, маңдай терін төгіпті.

Шалқан әбден піскен соң, шал келеді жұлуға.

Ары бері тартқылап, жұла алмасын біледі.

Шақырады көмекке, үйде жүрген кемпірін.

Екеуі жұлып, ала алмай, шаршап қалды ентігіп.

Шақырады тағы да, немересін үйдегі.

Үшеулеп жүріп тартса да, шықпайды шалқан түйнегі.

Үшеуі жүріп ойланып, шақырады күшігін.

Жабылғанмен қолға алып, жетпестері білді күшінің.

Төртеуі тартып ары бері, шаршады әбден терледі.

Мысығы келді көмекке, онда да әлдері келмеді.

Не істеу керек деп, отырып бәрі ойланды.

Көмекке енді келетін, үйде енді кім қалды?

Үйлерінде тышқаннан, басқа ешкім жоқ еді.

Шақырғасын тышқанды, көмекке ол да келеді.

Шалы барып шалқанның сабығынан ұстайды,

Бір-біріне жалғасып, күштерін жиып нықтайды.

Жабылып бәрі тартады, күштері енді артады.

Біірлесіп тартып қалады, шалқанды жұлып алады.

Көрдіңдер ма балалар, ауызбіршіліктің не екенін,

«Жұмыла көтерсе жүк жеңіл», мақсатыңа жетерсің.

1.Ертегідгі шалқанды кім екті?

- Ата

- Әже

2.Немересі көмекке нені шақырды?

- Мысық

- Ит

- Тышқан

3. Шалқан ертегісіндегі ең соңғы көмекке келген кім?

- Қыз

-Мысық

- Тышқан

4. Шалқан көкөніс пе, жеміс пе?

Ән: Ертегілер елінде.

 

 Кудратова Санавар Азатбековна,

ОҚО Мақтарал ауданы С.Сейфуллин атындағы

ЖОМ мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі




Көрілген: 5022    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.02.2018, 23:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Наурыз, 10:48
    Отбасылық дәстүрлер
    1 Маусым 2015
    Қош бол, балабақшам!
    19 Мамыр 2015
    Алтын күз
    4 Мамыр 2015
    Ойтолғау
    27 Сәуір 2015
    Желілі ойын
    22 Сәуір 2015
    Сын есім

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31