Сабақтын тақырыбы: "Қош келдің, Наурыз!"

Сабақтын тақырыбы: "Қош келдің, Наурыз!"

Маханова Нәзира, Жамбыл орта мектебі.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтын мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға әңгіменің мазмұнын түсіндіру, меңгерту.
Дамытушылық: Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, білімдерін нығайту, танымдарын кеңейте отырып, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу, қастерлеу дағдырларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Атадан балаға мұра болып келе жатқан қазақтың салт-дәстүрін, әдет ғұрпын артық тұтып құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың ұйымдастыру түрі: Түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: М. Дулатов портреті, сызба, мәтін мазмұнына сай сурет, қазақтың ұлттық тағамы тал суреті, букеттер.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
a) Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.
II Өзектілігі:
1) Үй тапсырмасын сұрау
- Үйге не берілді?
- Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңін жаттау, көктемге байланысты сурет салып келу.
7-8 оқушыдан жатқа өлеңді сұрау.
2) Жан-жақты тексеру
Мұғалімнің сұрақтары
- Өлеңнін сөңғы шумағында қандай дәстүр туралы айтылған?
- Талды не үшін егеді?
«Наурыз той» өлеңін оқушыға айтқызу
Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді,
Наурыз тойы салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
1. Көктемнің өкпе желі соққанда табиғатта қандай өзгеріс болады?
2. Көктемнің жаңбыры қандай?
3. Жер бетінде қандай өзгеріс болады?
4. Жаңбыр жауғанда балалар қандай сезімде болады?
5. Балалар жаңбырдан кейін не істейді?
Көктем жайында өлеңді жақсы жаттап келіпсіңдер. Көктем мезгілінің ерекшеліктерін жақсы білесіңдер.
III. Жаңа түсініктер мен әрекеттер қалыптастыру.
1. Кіріспе әңгіме
- Енді 2-3 күннен кейін ерекше қуанышты мереке келе жатыр, ол қандай мереке?
- Наурыз мерекесін кімдер тойлайды?
- Сендер жылда көріп жүрсіңдер қалай тойлайсындар?
Жаңа сабақ.
1. Балалар біз бүгін сендермен М. Дулатовтың «Қош келдің,Наурыз!» деген әңгімесімен танысамыз.
2. Автордың қысқаша өмірбаяны:
М.Дулатов – қазақтың көрнекті, ақыны қайраткері. Ол Қостанай облысының Торғай өңіріңдегі Сарықола деген жерде дүниеге келген.
3. Мәтіннің атын тақтаға жазу

Оқулықпен жұмыс
а) Дауыстап оқулықтан мәнерлеп оқып беремін.
ә) Сұрақтарға жауап беру.
б) Текстпен жұмыс жүргізе отырып, оқушыларға бөліп, бөліп оқытамын
в) Сұрақ – жауап алу.

Дәптермен жұмыс.
а) Түсініксіз сөздерді оқыта отырып, сөздік жұмыс жүргізу. Байлаулы – байланысты Деуге сыяды – деуге болады. Тіршіліктің арқауы – тіршіліктің негізі Шаруа кенеледі – мал тойынады.

IV. Теледидардан «Наурыз» тойын көру. 1. Бұл қандай той?
а) қандай дәстүрлер орындалады?
ә) дастарқанға қандай тағам бірінші қойылады?

Оқушылардың біліктілік дағдырларын қалыптастыру.
1. Бізде бүгін сендермен «Наурыз» көже даярлаймыз. Наурыз көже неше
түрлі дәмнен жасалады?
2.Ұлыс күні қазан толса ол жылы ақ мол болар-деп тақтаға қазанның
суретін қоямыз,астындағы тапсырманы орындаймыз.
Оқушылар жауаптарынан төмендегідей тапсырма орындалады.
Қатық, тұз, су, бидай, кеспе, қаймақ, ет, ҚАЗАН

3.Оқушыға «Наурыз көже» өлеңін айтқызу
Ашық болсын қос қабақ
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ
Арпа бидай,тары бар,
Ақтық,малта тағы бар.
Ішілетін жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Ошақта шоқ көп әлі,
Астың ауыр обалы
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары.
V.Үй тапсырмасы туралы мәлімет
Оқушыларды бағалау.

VI.Сабақты қорыту.
«Сиқырлы сандық» ойыны.

VII.Рефлексия кезеңі.
Оқушыны және сынып жұмысын бағалау.Оқушының осы сабақтан
алған әсері.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста