Тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі

Тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі

Сабиева Асем Мергалиевна
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Жолнұсқау негізгі орта мектебінің
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Мақсаты:
БМ: Г дыбысы мен әрпі туралы білімдерін бекіту. Ойын арқылы сөздік қорларын байыту. Буын туралы түсініктерін кеңейтіп, сөзге дыбыстық талдау жасай білу қабілетін арттыру.
ДМ: Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрай білу арқылы тілін дамыту. Оқуға, білімге деген қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік: Достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: топтастыру, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: суреттер, тақия, гүлдер, көбелек, кеспе буындар.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, аналарына деген тілектерін ағашқа жапсырады.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Көктем мезгіліндегі қандай мерекелер бар?
Балалар жауабы.
Балаларды гүлдер арқылы топқа бөлу.
2. Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар, әріптер біздің достарымыз. Әріптер бізге жазуды, оқуды үйретті. Олай болса алған білімімізді ортаға салайық.
Сабақ басталмас бұрын,сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Естілгенмен құлаққа,
Көрінбейді бірақ та. (Дыбыс)
- Ал дыбыс дегеніміз не? Дыбысты немен таңбалаймыз?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
Балалар жауабы.
- Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Г дыбысы қандай дыбыс? Г дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар.
- Гүл, гүлзар, гитара, егін, көгершін т.б.
ІІ Негізгі бөлім.

«Сиқырлы тақия» ойыны. Шарты: Тақия астында жасырынған буындарды оқу.
Өлең жаттау.
Гүл суарып кешеде,
Гүлзар ішін жинадым.
Мерекеде анама,
Гүл шоғын мен сыйладым.

Сюжетті суреттерге әңгіме құра. Жұмбақ жасырайық.
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді.
Алақанын жайып.
Бұл не болды, балалар? (Гүл)

- Гүл сөзі қандай дыбыстан басталады? Буынға бөліңдер.

Сергіту сәті
Көбелектерді гүлге қондыру.

Тақтаға екі топқа гүл, гүлзар сөздерін жазып, дыбыстық талдау жасайды.
Түлкі тапсырмасы:Сөзжұмбақ шешу.
(Шеге, гүл, күн)

ІІІ Қорытынды: Түлкінің тапсырмасын дұрыс шештіңдер, жазуларың әдемі болыпты. Олай болса, әдемі көбелектің әдемі сыйын қабыл алыңдар, осы гүлдей өмірлерің жарқын болсын.
Түлкі жұлдызшалар таратады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста