Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп (қысқа мерзімді жоспар)

11 сәуір 2018, 10:25

Қысқа мерзімді жоспарға рефлексивтік есеп жазуға 6-сыныптың әдебиет пәні бойынша жасалған орта мерзімді жоспардың «ХХ ғасыр әдебиеті» тарауындағы «М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзінді» атты алғашқы тақырыбын таңдап алдым.

Сабақ жоспарының мақсатын SMART мақсатқа сай қойдым, яғни сабақ мақсатының нақты, өлшемді,қолжетімді, уақытпен шектеулі, іс-әрекетке негізделген, шынайы болуына назар аударып, сабақ процесіне оқушының белсенді араласуына мүмкіндік беруді,оқушыға бағдарланған оқыту ортасын құруды ойластырдым. Көмекші ретінде Блумның етістіктерін қолдана отырып, қысқа мерзімді жоспардың мақсатын құрдым.

Психологиялық дайындық барысында Шульманның үш көмекшісінің бірі – жүрек арқылы балаларды шеңберге тұрғызып бір-біріне жылы лебіздер айта отырып,ынтымақтасу атмосферасын құрамын деген ойдамын. Жоспар бойында көрініс тауып отырған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді Мерсердің « Диалог түрінде оқыту » және Флейвелдің «Қалай оқу керектігін үйрену » атты идеяларын жаңа әдістер ретінде жүзеге асыруды көздедім.Сабақ барысынды оқушылар М.Мағауиннің өмірі, шығармаларымен танысады,повесін талдайды,шығарма идеясын біліп,өзіндік ой-пікір айта алады,шығармашылық жұмыстар жасап,тақырып төңірегінде түйінді ой айта біледі.

Қысқа мерзімді жоспар жасауда жеті модульді кіріктіріп, сабақта қолдануға, ықпалдастыруға және оқытудың танымдық, әлеуметтік, эмоциялық аспектілерін орнымен ұштастыруға тырыстым. Оқушыларды топқа біріктіру тәсілдерін әр сабақтың мақсатына сәйкес болуына барынша назар аудардым. Сабақтар барысында оқушылар Достық,Татулық,Бірлік сөздері арқылы топқа бірігіп,топ ережесін,топ мүшелерінің міндеттерін түсініп орындайды.Сабақты тиімді өту үшін жаңа тенологияларды қолдана отырып,топтық,жұптық,жеке тапсырмалар беремін.Сыни ойлауын дамыту мақсатында «Ой шақыру» арқылы М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесін өтетін сабағымның басында Ұлы Отан Соғысы туралы видеороликті оқушылар көреді, сол туралы пікірлерін айтады,жаңа тақырыптың не туралы болатындығын өздері табады. АКТ-ні пайдалану барысында бейнежазба арқылы жаңа тақырыпты ашуға бағытталған сұрақтарға жауап беруге байланысты кірістірілді.Әрбір оқушының ішкі уәж деп aтaлaтын қасиеттерiнің қалыптасуына жaғдaй жaсaу ескеріліп,жоспарланды.Осы стратегия арқылы оқушылар ақпаратты өз бетінше ұғынады, таным процесінде қарым-қатынас шеберлігі орнайды, мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысы дамиды, өзінің құрдастары алдында жауапкешілікпен қарау дағдысы артады.Бұдан соң «Тұлғаны таны» стратегиясы бойынша интертақта экранынан көрінген М.Мағауин суретін көріп, автор туралы білгендерін айтады,өмірі,шығармалары туралы интертақтаға топтастыру жасайды. «Мағынаны тану» кезеңінде оқулықтағы мәтін бөліктерімен жұмыс жасайды,яғни «Бір атаның балалары» повесінен берілген үзіндіні мұғалімнің нұсқауы бойынша 3 бөлікке бөліп оқиды,өз топтарында талқылайды,бірлескен оқу жүреді,нәтижесінде әр топтың спикері өзге топтарға түсіндіреді. Оқушыларға болжам жасауға,өз ойын жинақтап құруға,оны қорғауға және уақыт беремін.Оқушылардың бірін-бірі оқытуына мүмкіндік беремін.Жоспар құруда сынып оқушыларының қажеттіліктерін ескеріп,оқу стильдері мен нақты тапсырмаларды беруді мақсат тұттым.Оқу үлгерімі төмен оқушылар автор туралы білетіндерін интертақтадағы автор суретінің айналасына топтастыру жасайды. Видеороликті көрсете отырып та белсенділігі төмен оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятуға тырысамын. Себебі, тек мәтінді оқуда тез түсінбейтін,қабылдауы баяу оқушылар осындай визуалды,аудиалды тапсырмаларға белсенділік танытуы әбден мүмкін. Александер(2008) диалогтік оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санаған. Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады деп есептеймін.«Мұғалім-Оқушы-Мұғалім диалогі» әдісі барысында оқушылар мұғалім тарапынан берілетін ашық сұрақтарға жауап беру арқылы да диалогке түседі. Өзіндік пікір айтуы мен сөйлеу шеберлігі шыңдалады. Бұл бағдарламаның «Қолдану» кезеңінде көрініс табады деп ойлаймын. Джин Раддок оқушылармен пікірлесу керектігін айтады.Балаларға сұрақ қою арқылы оқушы үнін естіп, пікілерін ескеру керек. Пікірлесу барысында оқушы оқудың не екенін түсінеді, жекелеген топтарда оқу үлгірімін жақсарады. Әрбір сабаққа мақсатты оқушымен бірге қарастыратын болсам, сол мақсатымыз нәтижелі болады. Себебі оқушылармен білім жөнінде пікірлесуде олар өзін-өзі реттей бастайды. Оқушылар тапсырманы орындағанда өздігінен бағытталады,мақсаттарды айқындап алады. «Сыр сандық» әдісі бойынша мәтін ішіндегі кірме сөздер мен түсініксіз сөздерге талдайды,сөздікпен жұмыс жасайды,дәптерлеріне жазады.
Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым «күрделі»,«ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан.(МАН). Сондықтан дарынды,танымдық қабілеті ерекше белсенді оқушылар «Ой толғаныс» кезеңінде «Әңгіме кестесі» әдісі бойынша мәтінге сатылай кешенді талдау жасайды,интертақтадағы кестеге жазады.Шығарманы өмірмен байланыстыру үшін және тақырыптың түйінін таптыру мақсатында тақырыпқа сай келетін ұлттық құндылықтарымыздың бірі боп саналатын мақал-мәтелдер айтқызамын.Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу үшін кері байланыс жасаймын,оқушылар сабақ барысында нені білгендері мен енді нені білгісі келетіндіктерін айтады.Сабақтың өн бойында жеке,жұптық,топтық жұмыстар көрініс тапқан. «Ой шақыру», «Тұлғаны тану», «Топтастыру», «Джигсо», «Ой толғаныс» кезеңдерінде оқушылар арасында ынтымақтастық қатынас пен сыни ойлау қабілеттері шыңдалады,еркін пікірлесу,бір-бірімен диалогке түсе алады.

Табысты оқуға қол жеткізу үшін жоспарда берілген әрбір тапсырмадан соң оқушыларды бағалау мен үшін де,оқушылар үшін де тиімді деп ойлаймын.Тапсырма сайын бағалап отыру оқушылардың сол сабаққа деген талпынысы мен қызығушылықтарын дамытады.Оқушы одан әрі ынталанып,стимулы көтеріледі деп ойлаймын. Олар өзінің оқу үлгірімін біліп, алға жылжу,белгілі бір уақыт ішінде білім деңгейлерін көтеруге ынталанады.Нәтижесінде оқушылар өз оқуын бақылай , жетілдіре алатын жағдайға жетеді. Өзіне деген сенім пайда болады.Әрбір әрекет бағалаусыз болмайды.Сабағымда бағалаудың қалыптастырушы (ОҮБ) түрін пайдаланамын.Сондықтан әр тапсырма сайын «Жұлдызшалармен бағалау». «Саусақпен бағалау». «Екі жұлдыз,бір тілек» кері байланыс болады.Сабақ барсында топ жетекшілері өз топтарындағы бағаларды бағалау парақшасына түсіріп отырады. Сабақ соңында әр оқушы нені біліп, нені меңгергендігі және нені әлі де болса білуі керектігі жайында өз рефлексиясын білдіре алады.Осы жұмыс менің алдағы сабағыма нақты мақсат қойып, оқушылармен бірлесе нәтижеге жетуіме,рефлексия арқылы келесі сабақта неге көңіл бөлуім керек екендігін түсінуіме көмек болады деп ойлаймын.

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қ.Сәтбаев атындағы

№216 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Асаубаева Құралай Болатқызы