Велобәйге Алматыны әлемге жаңа қырынан танытты

Велобәйге Алматыны әлемге жаңа қырынан танытты

Алматыда алғаш рет ха­­лықаралық кәсіпқой ве­ло­­бәйге өтті. Дүниежүзінің 16 елінен 200-ге жуық ша­­бандозды жинаған ала­ман­да жерлесіміз Максим Иг­линский жеңімпаз атан­са, қандасымыз Руслан Тілеу­баев үздік үштікке ілікті. Тағы бір жампозымыз Алексей Лу­ценко «Үздік спринтер» но­ми­нациясын жеңіп алды. Ен­ді бұл турнир оңтүстік ас­та­намызда жыл сайын өтіп тұратын болады. Тіпті ке­лесі жылы жарыс тек Әл-Фараби даңғылымен ға­на емес, қаламыздың бас­қа көшелерімен өтуі әб­ден мүмкін. Биылғысы – тек бас­та­ма­сы ғана.

Максим Иглинский, «Алматы турының» жеңімпазы:
– Жарыс біз үшін өте сәтті аяқ­талды. Алексей екеуміз бір-бірімізді ке­ремет түсінісіп, дер кезінде тізгін алмасып отырдық. Бәсекелестеріміз де осал емес еді. Дегенмен бүгін ұлттық құраманың айы оңынан туды. Ал менің биылдыққа жарыстарым аяқталды. Енді демаламын.

Жарыстың жай-жапсарын пафосқа бе­рілмей-ақ жазғымыз келеді. Бірақ тек те­ледидардан көріп жүрген дүбірлі до­даны өз көзімізбен көріп, қаншалықты жо­ғары дәрежеде өткенін сезінгеннен ке­йін сезімге ерік бермеу қиын екен. Шы­нында да, тамаша жарысты да көр­дік, керемет шоулардың да куәсі бол­дық. Бір сөзбен айтқанда, велобәйгені та­машалауға келген халық ерекше әсер алып қайтты.
Әлбетте, біздің де бұған дейін ве­ло­бәй­гелерді теледидардан тамаша­ла­ға­нымыз болмаса, ешбір жарыстардың ба­сы-қасында жүрген емеспіз. Дегенмен «Тур де Франс», «Вуэльта» деп асыра сіл­темей-ақ қояйық, ұйымдастырылуы мен тартыстылығы жағынан «Алматы туры» өзімен қосамжарлана өткен Ита­лия жеріндегі «Ломбардия турынан» еш кем болған жоқ. Тек «Про тур» жарысы деген аты ғана жетпей тұрды.
Турнирдің бас демеушісі «Астана мо­торстың» да қосқан үлесін атап өткеніміз жөн. Командаларға техникалық қызмет көр­сетуге арналған көліктерден бөлек, компания антидопингілік орталық пен фототілшілерге де арнап арнайы көлік бөлдіріпті. Барлығы да веложарыстарға қажетті құралдармен жабдықталған. Су жаңа.
– Бастамасы жаман болған жоқ. Өте ке­ремет деңгейде өтті. Келер жылы, Алла бұ­йыртса, турнирді екі күнге созу жос­пар­да бар. Маршрутын да аздап өзгертіп, бұ­дан да қызықтырақ істеуге атса­лы­са­мыз. Өз тарапымыздан біз әрқашан «Ал­маты туры» велобәйгесіне қолдау көр­сетуге әзірміз. Биыл су жаңа «Хюндай» мар­калы 34 көлікті осы турнирге арнайы дайындадық. Келесі жылдары да серік­тес­тігіміз жалғасатын болады. Негізі, өзім де велоспортқа қатты қызығатын бол­ған­дықтан, Еуропа жерінде өткен талай ве­ложарыстардың куәсі болдым. Оң­түстік астанамыздағы аламан солардан кем деңгейде өткен жоқ, – деді турнирдің атымтай жомарты болған «Астана мо­торс» компаниясының президенті Нұр­лан Смағұлов.
Енді жарыстың барысы туралы аз-кем баяндап өтейік. Шыны керек, Қазақ­стан­­нан бір емес, үш клуб қатысқанға, «біз­­дің клубтар тізе қосып, қарсы­лас­та­рына бірлесе қарсы тұрар» деп ойла­ған­быз. Ойымызды Қазақстан велоспорт фе­­дерациясының бас директоры Алек­сандр Антышев бөлді.
– Ондай болуы мүмкін емес. Әр ко­ман­­да өз мүддесін көздейді. Оның үс­тіне, Ха­­лықаралық велосипедшілер қа­уым­­дас­­тығының өкілдері бәрін ба­қылап отыр. Егер сондай күмәнді нәр­се тір­ке­лер болса – онда абы­ро­йы­мыз­дың ай­ран­дай тө­гілгені. Бізден бөлек, Ук­раи­на­ның да екі командасы жарысқа қа­­­тысуда. Екеуі де мықты. Бірақ әр ко­ман­­­даның өз мақсаты бар, бір-біріне кө­­мектесу деген болмайды, – деп сен­дірді Александр Леонидович.
Сонымен, жарыс та басталып, ал­ғаш­­қы айналымнан кейін-ақ алға ұза­ған­дар белгілі болды. Арасында ұлттық құ­­рамамыздың екі мүшесі бар. Не­гі­зі­нен, алғы шепке жылдамдық қосып отыр­­ған – солар. Бірде тізгінді Максим Иг­­линский қолына алса, бірде Алексей Лу­­­ценко көш бастап отырды. Сөйтіп, үшін­­­ші айналымға жеткенде ұзап кет­кен­дер мен пелетонның арасында үш жа­рым минут құрап шыға келді.
– Болды, енді бұлар пелетонды жет­кіз­бес. Иә, соңына қарай арттағылар да бәйгеге қосылуы мүмкін. Алайда ал­да келе жатқан шабандоздардың қар­қы­н­да­ры тым қатты, – деді осы кезде жур­на­листерге сұхбат беруге кіріскен Александр Винокуров.
Расымен де, солай болды. Тіпті соң­ғы айналымға жеткенде пелетон үшке бө­­лініп кетті. Бірақ Иглинский мен Лу­цен­ко тізгіндерін тартқан жоқ. Ал мә­реге он шақырымдай қалғанда Максим «қам­­шыны басты». Әріптесі Алексейге се­нім артқан ол бәсекелестерін Лу­цен­ко­­ның бақылауына қалдырды да, өзі алға ұзап кетті. Дамыл таппай, мәреге қар­­сыластарынан жарты минут бұрын жетті. Ал екінші топ Әл-Фараби даң­ғы­лындағы туннельге жеткенде оларды пе­летон да қуып жетті. Нағыз тартыс сол кез­­де басталып, шабандоздардың сприн­­терлік қасиеттерін де байқадық. Ита­­лиялық Сонни Колбрелли екінші орын­ды иемденсе, ұлттық құра­ма­мыз­дың тағы бір мүшесі Руслан Тілеубаев үз­дік үштікті қорытындылады. Жарыс бо­йы жанталасып, барын салған Алек­цей Луценко «үздік спринтер» атанды. Сон­­дай-ақ Александр Винокуровтың Vino4-EVER командасы да жүлдесіз қал­ған жоқ. Нұрлан Смағұлов өз атынан клуб­қа «Хюндай» көлігінің кілтін та­быс­тады.
Иә, осылайша «Алматы турының» ал­­ғашқы жарысы да аяқталды. Енді ке­ле­сі жылғы турнир бір күндік емес, екі күн­ге созылуы мүмкін. Ал болашақта «Ал­маты турында» велошабандоздар бү­кіл қаланы айнала жарысатын жағ­дай­ға же­теді. Бұл – біздің емес, ұйым­дас­ты­ру­шы­лардың сөзі. «Бісмілләсі жа­сал­ды, ен­­ді тек жарысты жақсартудың жа­ғын ғана ойластыратын боламыз», – деп Ал­ма­ты шаһарының әкімі Ахметжан Есі­мов тур­нирді қорытындылады.

«Алматы турының» үздіктері
(155 шақырым)
1. Максим Иглинский (Қазақстан)
2. Сонни Колбрелли (Бардиани Валволе, Италия)
3. Руслан Тілеубаев (Қазақстан)
4. Бақтияр Қожатаев («Астана» құрлықтық командасы)
5.Эндрис Смирноис (Риетиму Делфин, Латвия)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста