Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

17-қабаттан құласа да, қыңқ деген жоқ

17 қаңтар 2011, 16:10

Қытайдың Цзилинь провинциясындағы Чанчунь қаласының тұрғындары ілуде бір кездесетін төтенше оқиғаның куәсі болды. Құрылысы бітпеген биік үйдің 17-қабатынан құлап кеткен жасөспірім дін аман қалған.
China Daily сайтының ха­бар­­лауынша, 17 жастағы жеткіншек құрылыс салып жатқан­дар­дың бірі болуы керек. Оқыстан сүрініп кеткен ол құлдилап барып, ғимарат іргесіндегі шағын автобустың үстіне топ етеді. Куәгерлер­дің сөзіне қарағанда, жас­өспірімнің салма­ғынан қы­тайлық көлік қатты зақымданыпты. Ал жас құрылыс­шының жеңіл жара­қат­танғаны болмаса, шыбын жаны шықпаған.