20 жыл сайын ғылыми мәліметтердің 80%-ы жоғалып кетеді

21 желтоқсан 2013, 13:10

Соңғы 20 жыл ішінде жаңа ғылыми мәліметтердің 80%-ы із-түзсіз жоғалған. Канададағы Британ Колумбиясы университетінің биоматематиктері Current Biology журналына берген сұхбатында осылай деді.
Ғалым Тимоти Уайнс бастаған ғалым­дар тобы 1991-1993 жылдары ашылған жаңа­лықтардың түпнұсқа мәліметтерін іздестір­ген кезде олардың тек 3-4%-ы ғана табыл­ған. Қалған мәліметтер ізім-ғайым жоқ. Олар, негізінен, жануарлар бойы мен өсім­дік сабақтарының ұзындығы туралы. Т.Уай­нс­тың айтуынша, қанша құнды ғылы­ми еңбек жария етілгенімен, уақыт өте келе оларға тиісті көңіл бөлінбей қалып, соның нәтижесінде ғылыми мәліметтер келмеске кетіп жатыр. «50 жыл бұрынғы мәліметтерді ешкім іздемейді, табуға тырыс­пайды деп ойлаймын. Бізді ғылыми сынақ нәтижеле­рінің 20 жылдан соң-ақ жоғалып кететіні таң­ғалдырды. Жыл сайын мемлекет пен ғылыми ұйымдар орасан зор мәліметтердің алынуына демеушілік етіп келеді. Демек, бұл қаржы далаға кетіп, ғалымдардың мүм­­кіндігі шектеліп жатыр», – дейді канадалық ғалым.