Әдеп сақтағандарға жеңілдік жасалады

14 желтоқсан 2013, 12:50

Францияның Ницца қаласындағы бір дәмханада баға клиенттердің сыпайылық деңгейіне қарай өзгеретін болды. «Сәлеметсіз бе, маған кофе беріңізші» деген адам сусынды 1,4 евроға сатып алса, мұндай сыпайылықты сақтамаған адам бұдан жеті есе көп ақша төлеуі мүмкін.
Бұл туралы Realty.newsru.com пор­талы хабарлайды. Petite Syrah ата­латын кафеде даяшыға жай ғана «кофе» дей салып, әдепті ескермейтін клиенттер үшін бір стақан кофе 7 евро тұрады. «Кофе беріңізші» неме­се «Ғафу етіңіз, кофе» деген адамға ар­налған баға – 4,25 евро. Ал дая­шымен сәлемдесіп, содан кейін өте сыпайы түрде кофе сұраған адам тек 1,4 евро ғана төлейді. Басқа тағам түрлерінің бағасы да солай жіктелген. «Негізінде, мұндай талапты қатаң ұстанбаймыз. Дегенмен бұл туралы ескер­тілгелі бері кафеге келушілер әдепті, тәртіпті бола бастады. Ең бастысы, адамдар жиі күлімсірейтін болды», – дейді дәмхана менеджері Фабрис Пепино.