Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ағза үшін қазан-ошақтан асқан қауіп жоқ екен

26 қаңтар 2011, 10:09

Адамның үй-жайы оның өміріне қауіп төндіретін ең зиянды орта екен. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мамандары қоршаған орта мен адам ағзасын өндіріс орындары емес, отбасы ошақ қасы улап жатқанын анықтады.
The Independent басылымының хабарлауынша, дүниежүзінде жыл сайын 2 миллионға жуық адам өзінің асүйінен өлім табатын көрінеді. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, мұндай жағдай үшінші әлем елдері есебінен қалыптасып отыр. Кедей елдер тұрғындары тіпті бала кезінен ауыр науқастарға шалдығады екен. Бұған басты себеп – олардың тұрғынжайларындағы санитарлық олқылықтар. Тамақ пісіруге қолданылатын қатты отын, ыс пен қазанның майы, шыбын-шіркейлердің әрекеті мен жиналған жуынды иісі адамның бойында өкпе мен бауыр қатерлі ісіктерінің дамуына себепші болады. Дәрігерлердің анықтауынша, безгек пен СПИД-тің адамға ықпалы мұндай күшті емес. Айталық, Африкада жыл сайын бес жасқа дейінгі 500 мың бала үй ішіндегі ауаның ластануы салдарынан болатын пневмониядан өледі екен.