Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

АҚШ азаматы ғашығына сөзжұмбақ арқылы ұсыныс жасады

21 сәуір 2011, 10:12

АҚШ-тың Александрия қаласында тұратын азамат сөзжұмбақтың көмегімен ғашығының қолын сұрады. Ол арнайы басқатырғыны дайындауды The Washington Post газетінің тілшісіне тапсырған.
28 жастағы Кори Ньюман өзінің 31 жастағы ғашығы Марлоу Эпштейнге үйлену туралы ұсынысты ерекше түрде жасағысы келген. Ол ғашығының сөз­жұмбақ шешкенді ұнататынын білгеннен кейін барып осындай қадамға барған. Ньюманның тапсырысымен дайындалған газеттің нөмірі бірнеше күн бұрын шықты. Сөзжұмбақта жасырынған басты сөздер Марлоу және Эпштейн деген есімдер екен. Осыдан төменірек «Маған тұрмысқа шығасың ба?» деген сөйлем орналасқан. Жасырынған сөйлемді дұрыс тапқаннан кейін Эпштейн бұл газет нөмірінің өзіне арналғанын ұққан. Артынша оның бұл ойын Ньюман да қуаттап, оған неке жүзі­гін сыйға тартты. Сөзжұмбақты құрас­тырған The Washington Post газетінің тілшісі Боб Клан мұндай тапсырманы бірінші рет орындап тұрмағанын айтады. Ол 1998 жылы да дәл осындай сөзжұмбақ құрастырған екен. Тек ол ұсыныс The New York Times газетінде жарияланған.