Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

АҚШ-та ақсақ қоянға арналған арба ойластырылды

29 сәуір 2011, 10:01

Аризона штатына қарасты Тусон қаласының жас тұрғыны қоянға арналған мүгедектер арбасын ойлап тапты. Жергілікті KGUN9-TV телеарнасының хабарлауынша, Джо деп аталатын қоян енді өз бетінше емін-еркін қозғала алатын болды.
Отбасының иесі Пола О'Рурк­тың айтуынша, олар Джо мен оның ұяластарын бірнеше күн бұрын тауып алған. Жас қояндар­ды олардың енелері тастап кеткен көрінеді. О'Рурк пен оның отбасы хайуандарды тауып алғаннан кейін асырап, қамқорлық көрсе­туді ойлайды. Қояндарды үйге алып келгенде олардың біреуінің артқы аяғы сынық екені белгілі болған. Телеарнаның хабарлауын­ша, осыдан кейін О'Рурктың кіші ұлы Лиам Джоның өз бетінше қозғалуына мүмкіндік беретін ар­ба ойластырады. Арнайы арбаға Джо тез үйреніп, өз бетінше жүре­тін болды. «Қазіргі күні О'Рурктың отбасы қояндарды жануарларды қорғау орталығына тапсырды. Ал арбаның қайда жіберілгені бел­гісіз», – дейді телеарна тілшілері.