Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әлемнің ең жалқау тұрғындары – француздар

31 қаңтар 2011, 16:30

Заманында жарғақ құлағы жастыққа ти­мей, жау­гершілікпен күн өткізген На­по­леон­ хал­қы бүгінде әлемнің ең жалқау тұр­ғындары ата­нып отыр. Париждегі эко­номикалық ын­ты­мақтастық және даму ұйы­мының (OECD) ма­ман­дары осындай қо­ры­тын­дыға келді.

Әлемнің 18 мемлекеті арасында арнайы жүргізілген зерт­­­теу­дің нәтижесі француздардың Жер бетіндегі тәу­лі­­гіне 9 сағат, яғни ең көп ұйықтайтын халық екенін көр­сет­кен. Бұдан кейінгі орындар 8,5 және 8 сағат ұйық­тай­­тын америкалықтар мен испандықтардың үлесінде. Са­­­рап­шылар француздардың аз еңбектеніп, көп тамақ жей­­ті­нін де анықтады. Сондай-ақ олар асыққанды жек кө­ріп, ке­­рі­сінше, емін-еркін көңіл көтергенді ұнатады екен.
Мамандардың айтуынша, осы себепті де Фран­ция­да жыл­­­­дам қызмет көрсету мейрамханалары желісі дамы­ма­ған.