Аспирин аурудан қорғамайды

25 желтоқсан 2013, 13:04

Ұлыбританияның Эдинбург университетінің ғалымы Питер Сандеркок сау адамдарға аспирин қолданудан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша, ацетилсалицил қышқылының пайдасынан зияны көп.
Әдетте адам аспиринді жүрек және қатерлі ісік ауру­ларының алдын алу препараты ретінде қолданады. Басы ауырса да ішетіндер көп. Бірақ П.Сан­деркок бастаған ағылшын ғалымдары бұл дәріні адам­дар­дың орынды-орынсыз қолда­нуына тыйым салуды ұсынады. Соның ішінде, оның сау адам­дарға еш қажеті жоқ. Инсультті өткерген немесе тамыр ауруына шалдыққан адамдар ғана қолдануына болады. Мeddaily.ru-дың мәліметінше, онжылдық сынақ кезінде аспиринді қолданған 10 мың науқастың 170-тен астамында дәрінің кері әсері байқалған.