Асүйдің ақылды жабдығы iPad-ты нарықтан ығыстырды

19 желтоқсан 2013, 12:23

Ресейде тауарлардың интернет нарығындағы сұраныс жөнінен мультиасәзірлегіштер ең алғашқы орынға шықты. Бұрындары жұрт ең көп қызығатын тауар iPad болатын.

                                                                                                   supercooker.ru

Нitech.newsru.com-ның хабар­лауын­ша, мультиасәзірлегіштер бір жыл ішінде қарқынды сұранысқа ие болған. Бұл тауар түрінің саудасы бірден 8 есе көбейді. Екінші орынға салмақөлшегіш құралдар шығып отыр. Бұдан кейінгі орында – тоңа­зытқыштар. Былтыр интернет-дүкен­дердегі ең танымал тауар iPad болған. Бір жыл ішінде планшеттер мен iPhone-ға және құлаққап түрлеріне сұраныс айтарлықтай бәсеңдеп кетіпті. Мультиасәзірлегіш – асүйге арналған көпфункциялы электр жабдық. Бағдарламамен басқарылатын тұрмыстық техника кез келген тағам түрін адамның қатысуынсыз әзір қылады.