Аудармашы көзілдіріктер пайда болды
Жапониялық NEC корпорациясы шетел сөздерін аудара алатын көзілдіріктер ойлап тапты. Ғажайып оптикалық құрал TeleScouter деп аталады.
Көзілдіріктің арнайы бейнекамерасы бар. Ол нысанаға алынған ақпаратты ғаламдық желіге қосылған портативті компьютерге бере алады. Арнайы аударма сөздікті ресурстың көмегімен көзілдірікке шағылысқан ұғымдар мен сөздер автоматты түрде жапон тіліне аударылады. Технологтардың айтуынша, оптикалық құрал адамның көру қабілетіне кедергі келтірмейді. Көзәйнектер келер жылдан бастап саудаға шығарылуы тиіс.