Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бiр әрiптен тұратын есiм

27 қаңтар 2011, 16:37

Швецияның Оре қаласында тұратын ерлi-зайыпты ұлдарына Q деген бiр әрiптен тұратын есiм қойғалы отыр. Олар осындай ресми куәлiк алуға рұқсат етудi сұрап, елдiң Жоғарғы сотына хат жолдады.
Жас ата-ана баласына әйгiлi агент Джеймс Бонд туралы шығарма кейiпкерiнiң есiмiн бермекшi. «Бондианада» Q – агенттi шпиондық техникамен қамтамасыз етiп отыратын британ­дық құпия қызметтiң зерттеу орталығының басшысы. Ерлi-зайыпты «ұлымыз ер жеткенде өз есiмiн мақтан тұтатын болады» деп есептейдi. Швед заңдары бойынша, егер сәбиге қойылған есiм оның кейiнгi тағдырына жағымсыз әсер ететiн болса, ондай атты куәлiкке жазуға тыйым салынады. Ал әдiлет орындарының Q есiмi жайлы не айтары әзiрше белгiсiз. Айта кетейiк, 1996 жылы бұл елде нәрестесіне Brfxxccxxmnpcccclllmmnprxvclmnckssqlbb11116 деген ат қоймақ болған ата-ананың өтiнiшi орын­далмады. Есесiне, бiр отбасының баласына Google есiмiн қою туралы арызы қанағаттандырылған.