Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бiр мезгiлде 4000 кресло босайды

25 сәуір 2011, 13:20

Литва үкiметi таяуда мемлекеттiк лауазым иелерiнiң санын 20 пайызға қысқартқалы отыр. Сөйтiп, бiр мезгiлде 4000 шенеунiк жұмыстан кетуi мүмкiн.
Елдiң премьер-министрi Андрюс Кубилюстiң айтуынша, бұл – дағдарысқа қарсы бағдарлама аясындағы шара. Мемлекеттiк шығындардың бiр парасы шенеунiктер есебiнен азайтылуы тиiс. Лауазымды қызметтердi ендi тек бiлiктi мамандар ғана атқаруы қажет. Бұған қоса, Литва үкiметi жуырда мемлекет бюджет шығындарын 3 млрд литке (1,1 млрд доллар) қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл – мемлекеттiк және бюджеттiк мекеме жұмысшыларының жалақысы азаяды деген сөз. Естерiңiзге сала кетсек, мұның алдында жергiлiктi билiктiң дағдарысқа қарсы шаралардың шеңберiнде бюджет шығынын азайтып, салықты көбейту туралы бастамасы Литвада түрлi наразылық шерулерiне түрткi болған едi. Қаңтар айында сондай ереуiлдердiң бiрi жаппай тәртiпсiздiкке ұласты.