Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Борышын мүкжидекпен өтемек болды

07 желтоқсан 2012, 12:25

Ресейдің Томск облысының Кедровый қаласының тұрғыны борышынан құтылу үшін сотқа 10 шелек мүкжидек алып келді. Сот төлемнің мұндай түріне қарсы болған кезде, жеке кәсіпкер бәрібір жол тауып кетті.
Newsru.com-ның хабарлауынша, жабайы жидектер өндірісімен айналысатын жеке кәсіпкер 16 мың рубль көлемінде сақтандыру төлеміне қарыз болған. Іс сотқа берілген кезде кәсіпкер оның жартысынан құтылған. Енді қалған 9,6 мың рубльді қайдан аларын білмепті. Сөйтіп, Федералдық сот жасауыл­дары қызметінің аймақтық басқармасына шелек-шелек мүкжидек алып келді. Сот төлемнің мұндай формасына наразылық білдірді. Борышкер абдыраған жоқ, ол сол жердегі адамдарға жидекті сатып, бір сағат­тың ішінде керек қаражатты жинап алған. Кәсіпкер борышынан құтылғаннан кейін атқару өндірісі тоқтатылды.