Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бір отар қойының жүнін бояп тастады

14 сәуір 2011, 11:13

Англияның Девон графтығының фермері бір отар қойын қызғылт сары түске бояп тастады. Бұл – оның баукеспелерге қарсы қолданған шарасы.
The Daily Telegraph-тың хабар­лауын­ша, соңғы бірнеше жыл ішінде 48 жастағы Джон Хердтің отарынан 200 басқа жуық қой ұрланған. Хердтің есеп­теуінше, әр малдың құны – 140 фунт стерлинг немесе 160 евро. Фер­мер қанша шағымданса да, баукеспелер ұсталмай-ақ қойған. Сақтықтың амалын ойластырған Херд бір қора қойдың жүнін түгел қызғылт сары түске бояп тастады. «Бұл бояу қойларға ешқандай зиянды емес. Мен өз ісімнің нәтижесіне ризамын. Бұдан былай бояудан қорыққан ұрылар қойларға жа­қындамайтын болады», – дейді фермер.