Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Facebook әлеуметтік желілердің көшбасшысы атанды

28 мамыр 2011, 11:16

Facebook әлеуметтік желісінің тіркелген тұтынушыларының қатары 700 миллионнан асты. Әлеуметтік желі әлемдегі ең ірі ғана емес, ең сенімді ресурс деп те мойындалып отыр.
«Новости» агенттігінің хабарлауын­ша, Facebook тұтынушылары қатары­ның көбей­генін ғаламтордағы Socialbakers.com статистика сервисі жария етті. 700 млн тіркелушінің 100 миллионнан ас­тамы желіге соңғы бес айда қосылыпты. Қарым-қатынас желі­сінің бұлайша кең сұранысқа ие болуына негізінен АҚШ, Үндістан және Бразилия елдерінің тұр­ғын­дары көп үлес қосып отыр. Бұл елдердің әрқай­сысына шамамен 10 млн аккаунтан тиесілі. Есесіне Facebook-ты тұтынушы­лар қатары азайған елдер де бар. Айталық, Ливияда биыл бұл желі­ден 200 мың тұтынушы бас тарт­қан.