Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жағымсыз иiсiмен жүлде алды

20 сәуір 2011, 17:04

АҚШ-та дәстүрлi «ең сасық кроссовка» байқауы өттi. Биыл бұл байқауда Юта штатының жетi жастағы тұрғыны жеңiмпаз атанды.
BBC News-тiң хабарлауынша, Rotten Sneaker Contest сайысына 7 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Олардың жағымсыз иiсi жағынан бiрiнен-бiрi өтетiн спорттық аяқкиiмдерiн NASA-ның химик мамандары мен Браун университетiнiң зерттеушiлерi сарапқа салды. Қазылардың шешiмi бойынша юталық баланың тоз-тозы шыққан кроссовкасының шуаш иiсiне «тең келер» ештеңе болмапты. Жеңiмпаз 2500 доллар көлемiнде қаржылай сыйлықты, Нью-Йорктiң тегiн жолдамасы мен бiр жылға жететiн дезодорантты иемдендi. Оның аяқкиiмi байқау ұйымдастырылған Вермонт штатында көпшiлiк назарына ұсынылды. «Ең сасық кроссовка» байқауы АҚШ-та 1975 жылдан берi өткiзiлiп келедi. Былтырғы сайыста 15 жастағы аляскалық жасөспiрiм «алдына жан салмаған» едi.