Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жануарлардың жойылып кетуіне Күн сәулесі себепші екен

09 маусым 2011, 10:47

12 900 жыл бұрын Жер бетінен жануарлардың көптеген түрінің жоғалып кетуіне – Күн сәулесі себеп. Астроном Пол Лавиолетт бұл жұмбақтың сырына қатысты дәлелдер тапқанын жария етті.
Radiocarbon ғылыми басылымында жарияланған мәліметке қарағанда, осынша уақыт бұрын Солтүстік Аме­рикада мегафаунаның 95%-ы қырылып қалған. Оның дені – салмағы 25-тен 50 келіге дейін тартатын сүтқоректілер мен құстардың 10-нан астам түрі. Жануар­лардың жұмбақ жағдайда құрып кетуі Еуропа, Оңтүстік Америка мен Сібірде де байқалған. Ғалым П.Лавиолеттің пікірінше, ұзақ жыл бойы сыры ашыл­май келе жатқан тылсымға Күннен атылған сәулелер себеп. Күн сәулесінің жоғары энергетикалық бөлшектерінен Жер атмосферасында радиокөміртегі мөлшері тым көбейген. 12 837 жыл бұ­рын көміртегі кон­центрациясы біз білетін 1956 жылғы апатты жағдайдан 125 есе көп болған. Соның салдарынан озон қабаты бүлініп, радиация әсері күшейген, ал бұл Жерде сүтқоректілер мен құстардың қы­рылуына әкеліп соғуы мүмкін. Соңғы кездері Күннен белсенді түрде жарқыл­дардың атылып жатқаны белгілі. Демек, келешекте мұндай құбылыстың жануарлар әлеміне ай­тарлықтай кері әсері болуы ық­тимал.