Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жапондар ғарыш кеңістігіне ау құрмақшы

03 ақпан 2011, 10:09

Жапониялық JAXA ғарыш агенттігі Жер орбитасындағы қалдықтарды кәдімгі балық аулайтын аумен тазартпақшы. Агенттік тор өндіретін Nitto Seimo атты ірі компаниямен келісімшартқа отырды.
Asahi агенттігінің мәліметінше, Nitto Seimo компаниясы балық аулайтын металл тор өру технологиясын жетілдірумен алты жыл бойы айналысып келе жатыр. Компания, негізінен күміс металл сымнан өрілген өнім­дерді өндіреді. Ғарыш агенттігі өкілдері бір­не­ше шақырымға созылатын осындай тор­ларды арнайы спутниктің көмегімен Жер орби­тасына шығаруды ұсынады. Кеңістіктегі қоқыстарды аулайтын тор компьютерлік қондырғымен басқарылмақшы. Ауланған қоқыстар торға тұтылып, уақыт өте келе Жердің магнитті өрісімен өзара әрекет ету нәтижесінде атмосфералық қабатқа енеді. Егер ғарыш қалдықтары тордан ажырап қалып жатса, ау түгел күйдіріліп, орнына басқасы шығарылады. АҚШ біріккен стратегиялық командованиесінің мәліметінше, бүгінде Жер орбитасында 19 мың фрагменттен тұратын қалдық жиналған. Кеңістікте әлі 600 мың бөлшек қалдық қалқып жүр.