Жауынгерлер күнделіктері ғаламторда жарияланады

15 қаңтар 2014, 16:15

Ұлыбритания мұрағаты Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан әскерлердің күнделіктері жиналған сайтты іске қосты. Жаңа ресурс осы соғысқа қатысты тың деректерге қол жеткізуді көздейді.
ВВС-тің Орыс қызметіне сілтеме жасаған Utro.ru-дың хабарлауынша, жылдың аяғына дейін бұл сайтта 1,5 млн жазба жарияланбақ. Олардың дені – әскерлердің өз қолымен жазған хаттары, құжаттары мен басқа да қолжазбалары. Мұрағат еріктілерді тарихшыларға қолжазбаларды өңдеу жөнінен көмектесуге шақырып отыр. Себебі соғысқа қатысқандардың туыстары көзі тірісінде олар жайлы жаңа мағлұматтарға қол жеткізуі керек. Онлайн-анықтама Бірінші дүниежүзілік соғыстың 100 жылдығына арналып отыр. 1914-1918 жылдар аралығында болған бұл соғыс адамзат тарихындағы ең ірі қарулы қақтығыстардың бірі саналады.