Жириновский «Тағдыр тәлкегіне» үзілді-кесілді қарсы

15 қаңтар 2014, 15:37

Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский «Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!» («Ирония судьбы, или С легким паром!») комедиясына тыйым салуды ұсынады. Оның айтуынша, фильм маскүнемдікті насихаттайды.
«РИА Новости»-дің хабарлауынша, саясаткер бұл ұсынысын Мемлекеттік думаның көктемгі сессиядағы қызметіне арналған заң жобаларын талқылау кезінде айтты. Жириновский Ресей фильмдеріндегі шылым шегу мен арақ ішу көріністеріне тыйым салуды күн тәртібінен түсірмеу керек деп отыр. «Фильмдердің бәрінде жұрт жаппай шылым шегеді, арақ ішеді, әсіресе, жаңа жыл кезінде. Оларға тыйым салу керек. Мысалы, «Тағдыр тәлкегі» деген не?! Ішіп алған адамның басқа қалаға ұшып кеткенін қайдан көрдіңіздер? Бос сөз, бәрін ойдан шығарған, тап сондай пәтер, тап сондай кілт. Пәтердің иісі де тап сондай ма екен? Бұл – нақұрыстарға арналған фильм», – дейді ол. Жириновский келешекте де мас Аяз ата, мас Ақшақар, мас полицей сияқты кейіпкерлері бар фильмдерді түсіруге тыйым салуды ұсынды.
(Сурет bigcinema.kz сайтынан)