Қалыңмал орнына – миллион «лайк»

20 желтоқсан 2013, 12:04

Йеменде Сәлем Аяш есімді ақын болашақ күйеу баласынан қалыңмал орнына миллион «лайк» талап етіп отыр. Оның Facebook-тегі өлеңін «ұнатқандардың» қатары осы межеге жетпесе, Аяш қызын сүйгеніне қоспауы мүмкін.
Жастардың қосылуын қалайтын қолданушылар қазір Сәлем Аяштың желідегі бетіне кіріп, белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Нitech.newsru.com-ның хабарлауынша, бүкіл әлем болып, «лайк» басылмаса, миллион дауысты йемендіктер өз күшімен бере алмайды. Себебі 25 миллион­нан ас­там халқы бар бұл елде Facebook-ті тұтынушылар саны аса көп емес көрі­неді. Құдаларынан «электронды» қалыңмал талап етіп отырған Аяш өз әрекетімен ғалам­дық желіге қызығу­шылықты арттырмақшы, сондай-ақ азаматтардың некелесу салтын жеңілдетуді көздейді. Йемендік ақынның желідегі беті –  www.facebook.com/saalm?fref=ts&ref=br_tf.