Сіз естідіңіз бе?

Қиналысын қағазға түсірген адам аурудан оңай айығады

  • Қиналысын қағазға түсірген адам аурудан оңай айығады

    Қиналысын қағазға түсірген адам аурудан оңай айығады

Жан қиналысын қағазға түсірген адамның иммунитеті нығайып, ауруынан ерте айығады. Жаңа Зеландияның Окленд университетінің ғалымдары мұны жарақат алған адамдарға жүргізілген зерттеу нәтижесінде анықтады.

The Daily Mail-дың хабарлауынша, дәрі­гер Элизабет Броадбенттің сынағына 50 па­циент қатысқан. Олар үш күн бойы ішкі се­зім­дерін, жарақаттың әсерін, сыртқа шығара алмаған қиналыстарын қағазға түсіруі керек болды. Бұл тапсырманы дәлме-дәл орында­ған­дар, яғни ауырсыну сезімін бар эмоция­лық бояуымен жаза білгендер де, ішкі сезімін ақтара алмағандар да табылды. Екі аптадан соң науқастардың жайы биопсия әдісімен тек­серілді. Алғашқы топтың 76%-ының жара­қатынан ерте айыққаны белгілі болды. Ал екінші топта мұндай көрсеткіш 42% ғана. Дәл осындай сынақты Глазго университетінің ға­лымдары да жүргізген. Зерттеудің нәти­же­сінде, жан қиналыстарын жазбаша баяндаған спорт­шылардың тән азабынан ерте арылып, оңай қалпына келгені расталды. Э.Броад­бент­тің айтуынша, мазалаған ой-сезімдер жай­лы жазу күйзелісті азайтып, иммунитеттің ны­ға­юына ықпал етеді. Сол сияқты, тыныш ұйқы да тән жарақатының жылдам жазылуына септігін тигізеді.




Көрілген: 749    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.07.2013, 12:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Желтоқсан 2013
    Құлағынан гүл өсіп шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31