Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Көктен ұл тілеймін деп кір-қоңнан арылмай жүр

25 қаңтар 2011, 15:02

Үндістанның Варанаси қаласына жақын маңдағы елді мекен тұрғыны 35 жыл бойы жуынбаған. Бұған қоса, пайғамбар жасындағы Қайлаш Сингх жаздың аптабында үстіне қос жемпірді қабаттап киіп жүреді екен.
Өзінің айтуынша, ол кезінде денесіне там­шы тигіз­беуге серт берген. Содан бері үсті-ба­сын су­ме­н емес, отпен тазартатын көрінеді. Күн­ұзақ алау ма­ңында қыздырынып отырып, Ши­ва құдайына сыйынады. Жерлестерінің сө­зі­не қарағанда, дін­дар Сингхтің мұндай әре­кет­ке баруына оның бір қамшыұстарға зар болуы себеп. Ақсақалдың се­гіз қызы бар екен. Бұ­рын сауда-саттық жасап, күн көрген Сингх қа­зір егіншілікпен айналысып жүр. Өйт­кені күн ыстықта жуынбай жүретін шалдың жа­ғым­сыз иісінен оның дүкеніне келушілер сап тыйылыпты.