Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қоқыстан 120 мың АҚШ доллары табылды

20 желтоқсан 2012, 11:15

Қоқыс қабылдайтын орынның қызметкері тұрмыстық қалдық­тар­дың арасынан 120 мың АҚШ долларын тауып алған. Ендігі үш айдың ішінде қомақты қаржының иесі анықталмаса, бұл сома толықтай қоқыс қабылдайтын орынның еншісінде қалмақ.
Lenta.ru-дың хабарлауынша, Жапониядағы ең ірі қоқыс қабылдағыш орындардың бірінен мұндай көлемді ақшаны сол мекеменің қыз­меткері тауып алған. Айтуларынша, ақша жұм­сақ жиһаз бен матрастарды сұрыптау кезінде тұрмыстық қалдықтардың ішінен шық­­қан. Мекеме қызметкерлері «ақшаны жинаған азамат өз жинағының жиһаз арасын­да екенді­гін ұмытып, қоқысқа өткізіп жіберген болар» деген болжам айтып отыр. Полицейлер де қомақты қаржыны қылмыстық іспен байланыстырған жоқ. Тек ақшаның иесі үш айдың ішінде табылмаса, түгелімен сол мекемеге беріледі деген шешім қабылданды. Ал ақшаны тауып алған азаматқа сыйақы беріле ме, жоқ па – әлі белгісіз.