Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Корей жігіттері косметикаға құмар

06 желтоқсан 2012, 11:34

Оңтүстіккореялық ерлер косметика қолданудан әйелдерді басып озып барады. Бұған қоса әрбір бесінші бозбала макияжсыз жүре алмайтын болған.

                                                                                           lovedorama.ru
Бұл туралы мәліметті Euromonitor International ұйымы жария етті деп хабар­лайды ВВС-дің Сеулдегі қызметі. Оңтүстік Корея жігіттері арасында тері күтімімен әуестену сәнге айналған. Былтыр ерлердің бетіне арналған кремдер мен басқа да косметика саудасы елде 10%-ға артса, биыл 14%-ға өсіп отыр. Ерлер күтіміне арналған гигиеналық бұйымдар нары­ғының көлемі 900 млн АҚШ долларын құрайды. Amore Pacific косметика корпорациясының маманы Лим Ёнсиктің мәліметінше, Корея Респу­бликасында әрбір бесінші ұл жасөспірім де бет күтіміне айрықша мән береді және өздерін нағыз еркек санайтын бозбалалар үшін бұл әсте ыңғайсыз жайт емес.