Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Құдайға тіл тигізгені үшін жазаламайтын болды

30 қараша 2012, 11:07

Бұдан былай Құдайға тіл тигізген нидерландылықтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды. Ел парламенті мұндай жазаны қарастыратын заңның күшін жойды.
Бұл туралы Associated Press хабар­лай­ды. Дінге теріс көзқарасы үшін қылмыстық кодекспен жазалайтын заң осы кезге дейін көпшіліктің наразылығын туғызып келген. Бұл заңды жоққа шығаруды депутаттардың дені бір ауыздан мақұлдады. Тек Staatkundig Gereformeerde Partij аталатын христиан партиясының парламенттегі бір өкілі ғана бұған қарсы болып, «адамды Құдайға тіл тигізгені үшін жазаламау – рухани дағдарыс­тың белгісі» деген пікір білдірді. Құдайға тіл тигізуге тыйым салатын заң елде 1930 жылы қабылданды. Соңғы жарты ғасыр ішінде бұл заңға қоғамның наразылығы күшті болған. Айта кетейік, Нидерландыда жезөкшелік, бір жынысты неке, эвтаназия мен арнайы орындар­да есірткі қолдану да заңдастырылған.