Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қытайдың жануар қорғаушылары жүздеген итті аман алып қалды

20 сәуір 2011, 10:46

Қытайдың жануар қорғаушылары жүздеген итті ажалдан құт­қа­рып қалды. Agence France-Presse–тің жазуынша, олар иттің еті­нен тамақ әзірлейтін мейрамхана­лар­дың біріне жөнелтілген кө­рінеді.
Оқиға жұма күні тіркелді. Әуес­қой жүргізушілердің бірі жолда ит­терді тиеп бара жатқан жүк көлігін кө­реді де, оның жолына көлденең тұ­рып алады. Жүк көлікті жолдың ор­тасына қалдырғаннан кейін бұл ту­­ралы микроблогына жазады. Оқи­ға орнына 200-ден астам адам ке­ліп, көлікті 15 сағат бойы әрі қа­рай жүр­гізбей тастайды. Ертеңінде бел­сен­ділер аталған иттерді 115 мың юаньға (17 600 АҚШ доллары) са­тып алады. Қытай басы­лым­да­рының жа­зуынша, құтқарылған ит­тердің саны – 430–520 аралығында. Ит­тер­дің бір бөлігі ұрланған болып шық­­са, кейбіреулерінің жұқпалы ау­ру­­ларды жұқтырғаны анықталды. Қы­тайдың оңтүстік аудандарында иттің етінен бөлек, мысықтың еті де тамақ үшін пайдаланылады. Жануар қор­ғау­шы­лары осыған дейін бір­не­ше мәрте мысықтарды тиеп бара жат­­қан жүк көліктерін тоқтатқан екен.