Климатологтер Гренландия аралының оңтүстігінде мұз астынан ауданы 65 мың шаршы метр болатын көлді тапты. Ғалымдар еріген қар суы жиналған қуыс ғаламдық жылыну құбылысының бір жұмбағын ашып береді деп отыр.
«РИА Новости-дің» хабарлауынша, АҚШ-тың Юта университетінің Ричард Форстер бастаған ғалымдар тобы еуропалық әріптестерімен бірге мұз астында суы бар табиғи резервуар болуы мүмкін екенін бұдан екі жыл бұрын топшылаған. Жуырда аралдағы шұңқырлардың бірін 25 метрге дейін қазған кезде алып суқойма табылды. Мұз астындағы құпия көлдің суы Гренландияның сары аязы кезінде де қатпайтын болып шықты. Р.Форстердің айтуынша, көлдің тереңдігі 50 метрге дейін барады, ол ауданы жағынан Африкадағы Виктория көлімен шамалас. Мұз ішіндегі қатпайтын көл мұздықтардың еруі теңіз деңгейіне қалай ықпал ететінін анықтауға мүмкіндік бермек. Еске салайық, тамыз айында ғалымдар Гренландия мұзы астынан алып каньон тапқан болатын.
Мұз астынан үлкен көл табылды
24 желтоқсан 2013, 12:15
