Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мыңнан астам мыстан ұсталды

06 мамыр 2011, 15:43

Гамбияда қаңтар айынан берi мыстандармен күрес шарасы жүргiзiлiп жатыр. Осы науқан барысында полиция қара магиямен айналысатын мыңнан астам адамды тұтқындады.

Сиқырмен, басқа да тылсым құбылыстармен шұғылданатын адамдардың әрекетi соңғы кездерi ел iшiне iрiткi сала бастаған. Сол себептi ел президентi Яхья Джамме мұндай тұрғындарға қарсы күрес жариялады. Amnesty International халықаралық ұйымының мәлiметiнше, қара магиямен айналысады деген күдiкпен ұсталған мыңнан астам адам бiрнеше күн полицияның қамауында отырған. Оларға ақыл-есiн қалыпқа келтiретiн арнайы дәрi-дәрмек берiлiптi. Құқық қорғау органдары қазiр Гамбия мыстандардан бiржола айықты деп отыр.