Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Обама банк тонап жүр

25 қаңтар 2011, 10:35

АҚШ Президенті Барак Обама кейіптес бетперде австриялық ұры-қарылар үшін сәнге айналды. Австрия полициясы осындай бетпердемен бірнеше рет банк тонаған адамды іздестіріп жатыр.
Metro басылымының мәліметінше, жуырда Ханденберг коммунасындағы банктердің бірі тоналып, одан 10 мың евро ақша қолды болды. Банк қыз­мет­керлерінің айтуынша, тонаушы Обаманың бетпердесін киіп алған. Полицияның мәліметінше, дәл осын­дай бетпердемен бұған дейін алты банк тоналыпты. Ең ірі дерек – 2009 жылдың жазында Мариа-Шмольн коммунасындағы қаржы мекемесінен 40 мың евроның ұрлануы. Тәртіп сақшылары әлі күнге дейін қарақшы «Обаманы» қолға түсірмек түгіл, оның шын аты-жөнін де біле алмай жүр.