Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Өсімдіктің ДНК-сы адамдікінен ұзын болады екен

19 қаңтар 2011, 11:47

Биология ғылымында ең ұзын ДНК анықталды. Жапон қарғакөзі аталатын өсімдіктің генетикалық коды адамдікінен 50 есе ұзын екен.
Kew Gardens ботаникалық бағы­ның мамандары Paris japonica немесе жапон қарғакөзі өсімдігі ДНК-сын зерттеу барысында кездейсоқ жаңа­лық ашты. Өсімдіктің генетикалық коды 149 млрд жұп негізден тұрады екен. Мұндай ұзын генетикалық құ­ры­лым биология тарихында бұрын-соңды белгілі болған емес. «Жапон гүлінің ДНК-сын тікесінен орналас­тырар болсақ, одан әйгілі мұнара жа­сауға болар еді», – деп қалжыңдайды ботаниктер. Бірақ қарғакөздің бұл артықшылығы оның қоршаған ортаға бейімделуіне кедергі келтіретінге ұқсайды. Миллиардтаған негізі бар ДНК өсімдіктің ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік бермейді.