Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Португалияда Еуропадағы ең үлкен динозаврдың қаңқасы табылды

30 тамыз 2022, 22:15

2017 жылы Португалияның Помбал қаласында тасқа айналған сүйектің сынықтары табылды. Оны зерттеу бірнеше жылға созылды. 2022 жылдың тамыз айының басында ғалымдар үлкен динозаврдың қаңқасын тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.


Динозавр зауроподтарға – төрт аяқты шөпқоректі динозаврлар тобына жатады, олардың ерекшелігі ұзын мойны мен құйрығында. Табылған динозаврдың биіктігі 12 метрге, ұзындығы 25 метрге жетті.


Сонымен қатар палеонтологтар қаңқаның жоғарғы юра шөгінді жыныстарынан табылғанын және оның жасы шамамен 150 миллион жыл екенін атап өтті.

Мұндай жануардың бастапқы анатомиялық орнын сақтауы былай тұрсын, барлық қабырғасын табудың өзі таптырмас жаңалық.Лиссабон университетінің қызметкері Элизабет Малафая