Шенеуніктердің шетелден баспана алуына тыйым салынуы мүмкін

19 желтоқсан 2013, 12:25

Келер жылы Ресейде шенеуніктерге шетелден баспана алуға тыйым салатын заң қабылданады. Бұл туралы РФ Мемлекеттік Думасының фракцияаралық тобының төрағасы Евгений Федоров айтты.
Utro.ru-дың хабарлауынша, депутаттар мұндай заң жобасын екі жыл бұрын талқылауға ұсын­ған. «Мемлекеттік Дума заңды бір жылдан артық уақыт бойы қара­ды. Меніңше, келер жылы біздің баста­мамыз мақұлданып, заң қабыл­да­нады. Көптеген мемлекет шетелдік мүлік арқылы Ресейдің шенеуніктері мен бизнесіне тіке­лей ықпал ету туралы заң қабыл­дай бастады. Бұл ықпал ресейліктердің мүддесіне қайшы», – дейді Е.Фе­доров. Сол себепті 2014 жылдан бастап, мемлекеттік қызметтегі лауа­зымды тұлғалардың шетелден жылжымайтын мүлік алуына тыйым салынуы мүмкін.