Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Таңғаларлық сервисі бар мейманханалар анықталды

03 маусым 2011, 09:58

Hotels.com порталы әлемнің клиенттерге ерекше қызметтер ұсынатын бірегей қонақүйлерін анықтады. Олардың қатарына меймандарды ертегімен ұйқыға жатқызатын, үйрек бағатын және бақыр жылтыратумен айналысатын қызметкерлері бар қонақүйлер еніп отыр.
Айталық, Лондондағы Andaz Liverpool Street – a Hyatt Hotel бесжұлдызды отелі меймандарды балалық шақ әлеміне жетелейді. Мұнда келушілер өзін бала сезініп, еркелеп жүре алады. Тіпті олар ұйқыға жатар алдында ертегіші келіп, клиент қалаған тартымды аңыз-әңгіме­лерді айтып береді. Бұл сервис танымал ақын-жазушылар мен журналистерге жүктелген. Американың Джорджия шта­­тын­дағы Barnsley Gardens Resort төртжұл­дызды қонақүйі болса қолынан бәрі келетін феяның қызметін ұсынады. Ертегі кейіпкері болып киінген әйел бөл­ме­лерді раушан гүліне, аққайнар шарабы мен шоколадқа толтырып кетеді. АҚШ-тың тағы бір төртжұлдызды қонақүйі – The Peabody Memphis клиенттерді тарту үшін үйрек бағушының қызметін енгіз­ген. Қонақүй ауласындағы құстарға толы хауыз тынығушыларға жақсы көңіл күй сыйлайды. Ал The Westin San Francisco Market Street мей­ман­ханасында клиент­тердің тот басқан темір-терсектерін, ба­қыр­ларын жылты­ратып беретін қызмет­шілер бар. Мұндай сервис түрі 1935 жы­л­дан бері сұранысқа ие екен.