Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тауып алған 900 мың долларын иесіне қайтарды

22 қараша 2012, 10:55

Сингапурде таксист өз машинасында жолаушылар ұмыт қалдыр­ған 900 мың долларды иелеріне қайтарды. Жергілікті қоғамдық көлікте бұрын-соңды мұндай көп ақша жоғалмаған көрінеді.
France-Presse агенттігінің хабар­лауынша, сингапурлық таксист Сиа Кан Тиан ерлі-зайыпты туристерді сауда үйлерінің біріне жеткізіп тас­тағаннан кейін олардың көлікте бір пакетті ұмыт қалдырғанын байқайды. Пакетте сингапурлық 1 млн доллар­дан астам ақша болған, бұл – 900 мың АҚШ доллары. Таксист өз ком­паниясының кеңсесіне хабарласып, мән-жайды баяндаған. Осы кезде ақша жоғалтқан туристер де көлік компаниясына қоңырау шалып үл­гер­ген. Такси қызметі ерлі-зайып­ты­ларға ақшаны қайтарып берді. Ту­рис­тер риза болып, таксистке ақша­лай сыйақы ұсынған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сингапурде 2009 жылы бір жолаушы таксиде 5 келі таза алтынын тастап кеткен. Онда да таксист бағалы затты иесіне қайтарыпты.