Сіз естідіңіз бе?

Таяу Шығыстан Кавказ халқының көне қалалары табылды

  • Таяу Шығыстан Кавказ халқының көне қалалары табылды

    Таяу Шығыстан Кавказ халқының көне қалалары табылды

Кавказ халқының ата-бабасы Таяу Шығысты мекендеген. Сирияның солтүстігіндегі Телль-Хазн тарихи қорғаны аумағында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан ресейлік археологтер осындай қорытындыға келді.

Ресейдегі археологиялық зерт­теулердің жаңа материалдарына ар­налған ғылыми конференция кезінде Месопотамияның ежелгі тұрғын­дарының Солтүстік Кавказға көшкені туралы жорамалдың расталғаны хабарланды. Ресей Ғылым акаде­миясының Археология институтының қызметкері Рауф Мунчаевтың ай­туынша, жуырда Сириядан Кавказ өркениетіне қатысты қалалар та­былды. 5,5 мың шаршы метр ау­мақтан табылған қамба, шіркеу мұнарасы тәрізді 550-ге жуық нысан біздің дәуірімізге дейінгі 4-3 мың­жылдықтарға жатады. Қолға тиген олжалар бұрын Солтүстік Кавказдан табылған Майкоп мәдениетіне сәйкес келеді. Мұндай тарихи қалашықтар кезінде Әзірбайжан мен Дағыстан аумағынан да табылған еді. «Месо­потамияны мекендеген халықтардың Кавказға көшкені туралы жорамал дәлелденіп отыр. Біздің анық­тауы­мызша, бұл халықтар Қара теңіз арқылы емес,  жаяу көшкен», –  дейді Р.Мунчаев.




Көрілген: 1700    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.03.2011, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Желтоқсан 2013
    Құлағынан гүл өсіп шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31