Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Теңiзден тарихи жәдiгер табылды

03 мамыр 2011, 14:39

Грекияда Эгей теңiзiне ау салған балықшы қола мүсiн тауып алды. Associated Press агенттiгiнiң хабарлауынша, ауға салт атты жауынгер мүсiнiнiң сынығы iлiккен.
Жәдiгердi зерттеген мамандардың мәлiметiнше, бұл – бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi II ғасырға жататын ескерткiш. Жауынгер сауыт-қалқанымен және қылышымен бейнеленiптi. Қола мүсiн Кос және Калимнос аралдары аумағынан табылып отыр. Грек балықшысы керемет олжа «аулап» алғанын елдiң мәдениет министрлiгiнiң өкiлдерiне дереу хабарлаған. Мамандар тотыққан мүсiндi тазалап, соғылған уақытын анықтады. Табылған жәдiгер жаңа тарихи зерттеулерге мұрындық болмақ.