Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Теңіз түбінен табылған шампандар аукционға қойылды

22 сәуір 2011, 09:55

Финляндияда 200 жыл бойы Балтық теңізінің түбінде жатқан екі шиша шампан ішімдігі аукционға қойылды. Ішімдіктер жақында ғана теңіз түбінен табылған. France-Presse агенттігінің хабарлауынша, аукцион саудасы Мариехамн қаласында 3 маусым күні  өтеді.
Агенттіктің жазуынша, бірінші шишада «Вдова Клико», ал екінші ішімдіктің сыртында Juglar деген жазулар бар. Олардың екеуі де әлемдегі ең ежелгі маркалардың қатарына жатады. Аукционды ұйымдастырушы  жергілікті билік өкілдерінің сөздеріне қарағанда,  әрбір шишадан 100 мың Еуро көлемінде пайда түсіру жоспарда бар. Олар шампандар  теңіз түбін­де 200 жыл жатқанына қарамас­тан, әлі күнге дейін сапасын жой­ған жоқ деген пікірде.  Мәліметке қарағанда, шампандарды алып бара жатқан  кеме теңіз түбіне шамамен 1825 және 1930 жыл­дар аралығында батқан, оны тек 2010 жылы ғана тауып алған.