Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Терісін мұражайға тапсырмақшы

25 қаңтар 2011, 15:02

Австралияның 65 жастағы тұрғыны Джефф Остлинг өзі өлгеннен кейін терісін Канберрадағы ұлттық галереяға тапсыру жөнінде өсиет қалдырды. Етжеңді кісінің терісі мойнынан өкшесіне дейін түрлі–түсті татуировкадан көрінбейді екен.
Зейнеткерліктегі мұғалім танымал тату шеберлерінің біріне 15 жыл бойы тәніне сурет салғызған. «Сидней ба­ғы­ның гүлде­рі» аталатын көркем композиция Остлинг де­не­сінің ашық же­рін қал­дырмай, көмкеріп тұр. Мұнымен қоса қарт педагог әбүйі­­­рі­не пирсинг те жасатыпты. Қызылды-жасылды, әрі әшекей­лі терісіне тәнті болған Остлинг күн­дердің күнінде оның өз тә­ні­мен бірге жерге көмілгенін қа­ла­майды. Сондықтан арнайы өсиет қалдырып, терісінің мұ­ра­жайға тапсырылуын өті­ніп отыр. Соңғы кездері татуиров­ка жасатумен қатар, «тірі компо­зи­­цияларды» жұрт­­шы­лыққа кең насихаттау үрдісі де бе­лең ал­ды. Былтыр швей­ца­риялық музыкант Тим Штайнер жон арқа­сын­да­ғы сурет­ті ойып алып, 150 мың евроға сатып жібер­ген еді.