Зерайна

БАҚ-тағы қосымша құн салығы: алсын ба, қалсын ба?

  • БАҚ-тағы қосымша құн салығы: алсын ба, қалсын ба?

    БАҚ-тағы қосымша құн салығы: алсын ба, қалсын ба?

Жиырма жылдан астам уақыт ішінде егемен елімізде заманауи талаптарға жауап беретін нағыз медиа-нарық қалыптасты. Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары – тауар нарығының бір бөлігі іспетті. Мұнда да экономикаға тән ережелер қолданылады. Табысына қарай салық төлейді.

Қазір отандық БАҚ үшін ең өзекті мәселе – қосымша құн салығы. Біздегі қосымша құн салығы – 12 пайыз. Әрине, ТМД кеңістігіндегі өзге елдермен салыс­тырғанда төмен. Бірақ 12 пайыз былай қарағанда аз болып көрінгенімен, төлейтін кезде қомақты сома шыға келеді. Өйткені ақпарат құралдары мемлекеттік тап­сырысқа да, түрлі тендерге де, жарнамаға да ҚҚС төлейді. Өз бетінше күнелтетін БАҚ-тың қиналатыны да сол.

Бір кездері осы қосымша құн салығына қатысты қызу пікірталас жүрді. Тиісті заң қабылданарда БАҚ-тың айналымнан түскен табысы ғана ҚҚС-нан босатылады делінген. Ал жарнама қызметіне ҚҚС қалды. Осынысымен де біздің заң ресейлік заңнан ерекшеленді. Бұл мәселенің бір есептен саяси қыры да бар-тұғын. БАҚ жұмысында бизнес, коммерция деңгейі жоғарылаған сайын оның ақпаратпен жұмыс істеу деңгейі де артады. Жасы­ратыны жоқ, біздегі БАҚ негізінен меншік иесіне тәуелді. Әсіресе, қаржы жағынан. Дотациялық қаржыға сүйенген баспа­сөздің дамуға деген құлқы төмен. Есесіне, тәуелсіз ақпарат құралдары арасында бәсеке күшті. Себебі жарнама берушінің бүйрегі ең мықтысына бұрады. Мұндай жағ­дайда БАҚ-тың беделін анықтайтын – нарық.

2001 жылғы көктемде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі БАҚ-тағы жарнаманы ҚҚС-нан босату идеясын қолдағаны мәлім. Сосын заң Мәжіліс пен Парламенттің сүзгісінен өтті. Сөйтіп, 2001 жылдың 1 шілдесінен ол қолданысқа енді. Бұл арада мына бір жайтқа тоқталмай кетуге болмайды. Бізде осы заң қа­был­данғаннан кейін Ресейде айтыс басталып кетті. Себебі терістік көршімізде 2002 жылғы 1 қаңтарда әлгіндей заңның күші жойылуға тиіс еді. Ондағы сарап­шылар сөзді қысқа қайырды: әңгіме БАҚ-қа қар­жы­лай жеңілдік беруде ғана емес. Баспа өніміне ҚҚС енгізу және өзге де қатал ережелер онсыз да шағын нарықты қыс­паққа алады. Ал болашақтың тұр­ғысынан қарағанда, мұндай қысым мә­дени, керек десеңіз, гуманитарлық апатқа ұшыратады. БАҚ-қа салынатын қосымша құн салы­ғының саяси сипаты ХХІ ғасырдың басын­да осылайша айқын­далды.

Бізде болса, 2001 жылдан бастап тасқа басылатын басылымдар қосымша құн салығынан босатылды. Теле және радио­компаниялардың өздері шығаратын өні­міне қосымша құн салығының нөлдік мөлшерлемесі белгіленді. 2002 жылдан бастап радиожиілікті пайдаланғаны үшін жылдық төлем алып тасталды. Ал лицен­зиар-компаниядан радиожиілік но­ми­налына алғашқы рұқсат алған кезде ғана төлем алынды.

Өкінішке қарай, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» ұзаққа созылған жоқ. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап ақпарат құралдары қайтадан ҚҚС төлеуге көшті.

2008 жылы қаржы дағдарысы бастал­ғанда жарнама нарығы күрт құлдырағаны мәлім. Сол кезде ақпарат құралдарында қаржы тапшылығы біліне бастады. Міне, осы кезде ҚҚС салығына қатысты мәселе қайтадан күн тәртібіне қойылды. Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейіт­қазы Матаев «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі бір жылдары бүкіл БАҚ-та ҚҚС-ның нөлдік мөлшерлемесі болды. Сосын оны алып тастады. Енді біз сол тәжірибеге қайта оралсақ» деген ұсынысын жеткізді. Бірақ сол кездегі мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғазиз Телібаев бұл мәселенің қаржы және заң жағынан екшеуді талап ететінін мәлімдеген. Ми­нистрлік өкілі «салықты төмендету жағын қарастыруға болар, бірақ мүлде алып тастай алмаймыз» деп үміттендіріп қойған. Бірақ ол сөз айтылған жерінде қалды.

Биылғы мамыр айында біздің теле­арналар «Телерадиотарату туралы» заң талаптарын орындау үшін отандық теле­өнімдерді ҚҚС-нан босату туралы ұсы­ныспен шықты. Телеиндустрия сала­сындағылар Ресейде 1996 жылы қолға алынған осындай шараны алға тартты. Мамандардың пікірінше, Ресей Феде­рациясында телеөнімге ҚҚС салығын алып тастаудың әсері бізге тиген. Қазір көршінің телеөніміне қарқ болып отыр­ғанымыз соның нәтижесі.

Биыл министрлік БАҚ-қа көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың артқанын мә­лімдеді. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаевтың айтуынша, ҚҚС әлі де зерттеуді керек етеді. БАҚ-тағы ҚҚС-ны алып тастаудың қандай нәтижеге әкелетінін зерттеу жергілікті консалтинг компанияға жүктеледі.

Кейбіреулер мұндай қадам ең әуелі меншік иелеріне, баспагерлер мен акционерлерге пайдалы дегенге саяды. Ал екіншілері осы жеңілдік барлық БАҚ-тарға өз өнімін біртіндеп көбейтіп, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септеседі дейді. Мұндай нормалар бірқатар еуропалық елдерде, соның ішінде ДСҰ-ға мүше елдерде қолданыста екенін ескерсек, бізге де өркениетті елдердің жемісті тәжірибесін жүзеге асырған дұрыс шығар.




Көрілген: 3195    Пікірлер: 0

жұма, 28.06.2013, 11:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31