17 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті (видео)

25 желтоқсан 2021, 14:29

Алматы-Қорғас тас жолында жиырмаға жуық көлік соқтығысты.

 

"25 желтоқсанда сағат 10.00 шамасында Алматы-Қорғас жолының 134 шақырымында қою туман кесірінен 17 көлік соқтығысты", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

 

Жол апатынан бес адам зардап шекті. Олар Шелек ауылының ауруханасына жеткізілді.

 

Апат орнында патрульдік полиция жұмыс істеп жатыр. Жолдың 84-136 шақырымының арасы жабық. Куәгерлердің айтуынша, жол қатты көктайғақ.

 

 

Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар қызметі күн райының бұзылуына байланысты дабылды ескертулер туралы хабарлаған болатын.

 

Сондай-ақ таңертең ауа райының күрт нашарлауына байланысты Алматы облысында Үшарал-Достық тас жолы жабылды.

 

 

 

sputnik.kz