Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

8 адам ажал құшқан жол апаты: Автобус жүргізушісі рөлді балаға берген

03 тамыз 2022, 11:03

Қарағанды облыстық полиция департаменті 8 адамның өмірін қиып кеткен жол апатының негізгі себебін атады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.

16 шілде күні таңғы сағат 3.20-да "Алматы-Екатеринбург" тас жолымен келе жатқан екі көлік Шет ауданында соқтығысты.

 

"MAN" жүк көлігі мен "Mercedes Sprinter" шағын автобусы бетпе-бет келді. Сол кезде автобус салонында 17 жолаушы отырған. Соққының қатты болғаны сонша, жеті адам оқиға орнында қайтыс болды, тағы біреуі жедел жәрдем көлігінде ауруханаға жетпей, көз жұмды.

 

Бұдан бөлек, тоғыз адам сан алуан дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманғали Ысмағұловтың айтуынша, адам таситын көлік жүргізушілерінің көбісі жұмыс режимін сақтамайды. Ұйқысы қанбаса да, жолға шығып кетеді.

 

"Осы жолы Mercedes Sprinter-дің жүргізушсі Алматыдан Нұр-Сұлтанға шыққан. Балқаш қаласына жеткенше шаршап қалды. Содан рөлге кәмелет жасқа толмаған баланы отырғызды.

Ол бала, шамамен, 200 шақырымдай жүргеннен кейін жолдың қарсы бетіне шығып кетті. Сол кезде жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты", - дейді Ысмағұлов.

 

Жол апатында автобус жүргізушісі де, оның 17 жастағы көмекшісі де қайтыс болды.